Меню KDT

Басты бет

poster

ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН «ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТИМБИЛДИНГ

ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
«ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТИМБИЛДИНГ

Қазіргі қоғамдағы тәрбие мәселелері қоғамдық, құқықтық және мемлекеттік ұйымдардың өзара үйлесімді іс-қимылын талап етеді. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Ұрпақ жүрегіне жол» жобасы тәрбие мен даму үдерісіндегі заманауи мәселелерді шешуге бағытталған.

Жобаның миссиясы –қоғамдық, құқықтық, мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің практикалық көмегі арқылы ата-аналар мен бала жүрегіне жол табу, тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру.

Жобаның мақсаты – қоғамдық, құқықтық, мемлекеттік ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылына негізделген тұтас тәрбие жүйесін қалыптастыру.

Жобаның негізгі міндеттері:
– тәрбие мәселелерінде қоғамдық, құқықтық, мемлекеттік ұйымдар мен әлеуметтік серіктестердің өзара іс-қимылын үйлестіру;
– ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық-педагогикалық құзыретін тәжірибеге бағытталған заманауи нысандар мен әдістер арқылы арттыру;
– отбасылық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу негізінде білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін, қарым-қатынас мәдениетін және ұжымшылдық сезімін қалыптастыруда әлеуметтік серіктестіктердің рөлін күшейту;
– кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және тәрбиелеу саласындағы тиімді тәжірибелерді анықтау, насихаттау және тарату.

Тимбилдинг аясында келесі тақырыптық алаңдар жұмыс істейді:
• «Өзіме жол»
• «Сүйіспеншілікке жол»
• «Заң және тәртіпке жол»
• «Әділдік пен адалдыққа жол»
• «Салауатты өмірге жол»
• «Ұлттық құндылықтар жолы»
• «Салауатты санаға жол»
• «Болашаққа жол»
• «Ізгілік пен мейірімділікке жол»
• «Шәкірт жүрегіне жол»
• «Өмір сүруге қауіпсіздік жолы»

Аталған жоба тәрбие саласындағы жүйелі жұмысты дамытуға және қоғамдағы ортақ жауапкершілікті нығайтуға бағытталған. #адал_азамат_абай_облысы



Галерея







Видеогалереясы