
2026 жылғы 10–14 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларын анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауын өткізді.
🎓 2026 жылғы 10–14 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларын анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауын өткізді. Қатысу онлайн және офлайн форматта жүзеге асырылды.
🤝 Абай облысының білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ және Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе 2025 жылғы 28 қазан күні өткізілген математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен 3 математика және 2 информатика пәні мұғалімдеріне «SemeyMath» математика мектебі және «Erudit Group» білім беру орталығы тарапынан IMPACT Olympiad-2026 Халықаралық ашық шығармашылық байқауына жолдама берілді.
🏆 Жолдамаға ие болған Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі» КММ математика пәні мұғалімі Абишев Нұрат Нұрғазыұлы Алматы қаласында өткен VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауына мұғалімдер санаты бойынша қатысып, жүлделі III орынды жеңіп алды. Бұл жетістік педагогтің кәсіби біліктілігі, үздіксіз ізденісі, жаңашылдығы мен өз ісіне деген жауапкершілігінің айқын көрінісі болып табылады.
📊 Сонымен қатар, бұл жеңіс Абай облысы математика пәні педагогтерінің кәсіби әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді және облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік әрі кәсіби қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп отырғандығының жарқын мысалы саналады.
🌟 Ұстазымызды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!


