
Абай облысында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Абай облысында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы «Инклюзивті Ассамблея» арнайы жобасы аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат тараптардың теңдік, өзара құрмет және серіктестік қағидаттарына негізделген бірлескен іс-қимылдарға дайын екенін айқындайды. Ынтымақтастық аясында инклюзивті тәжірибелерді дамыту және енгізу, диалог алаңын кеңейту, сондай-ақ қоғамдық үдерістерге қатысушылардың барлығы үшін қолайлы орта қалыптастыру көзделіп отыр.
Аталған серіктестік өңірде инклюзивтілік пен әлеуметтік жауапкершілік идеяларын ілгерілетуге, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.


