
Абай облысында «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық дрон жарысы мен авиациялық модельдеу байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті
Абай облысында «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық дрон жарысы мен авиациялық модельдеу байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті
Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттары саласын дамыту, дрон технологияларын насихаттау және өңірдің ең үздік қатысушыларын анықтау мақсатында «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық дрон жарысы мен авиациялық модельдеу байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Дрондарды басқару бойынша симуляторлық жарысқа мектеп оқушылары, студенттер мен педагогтер қатысып, бақ сынады.
Іс-шара барысында дрондар көрмесі және профориентациялық жұмыстар ұйымдастырылды.
Облыстық іріктеу дрон технологияларына қызығушылықты арттырған мазмұнды алаң болды.


