Меню KDT

Басты бет

poster

⚡Жуырда «Аламан құрақ» халықтық жобасының әлемдік рекордқа енуіне арналған салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласындағы Конгресс-холлда өтті.

  • ⚡Жуырда «Аламан құрақ» халықтық жобасының әлемдік рекордқа енуіне арналған салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласындағы Конгресс-холлда өтті.

    Бұл жоба қазақтың дәстүрлі құрақ құрау өнерін халықаралық деңгейде танытқан маңызды мәдени оқиға болды.

    Абай облысының шеберлерін бастап барған көшбасшы – Бақытжан Шапенова.
    Жобада Абай облысынан 34 құрақшы шебер қатысты: олардың ішінде 14 мұғалім, 2 оқушы, сондай-ақ ұлттық тәрбие мен мектеп өміріне белсенді араласып жүрген аналар мен әжелер, «Әжелер клубы» мен «Жеңгелер клубы» мүшелері бар.
    Мұғалімдер:@abeuova79 @orynbaeva7676 @zennatnasibullina@linara_sergazykyzy @sairamguldzhumadilova @nurgul.19680128 @Zhanatzhyrgalanova @ Aisulutoshonbai @ Marzhan Tokenovna
    Клуб мүшелері: @ BALGYN_TOGUZBAEVA7 @Gulmir_shop suttibaevasamarzhan @ZHASAU_ABAY_KARAUL @alpysbaeva1 @gulnur_62 @
    Марапаттау рәсімі отандық БАҚ-пен қатар, шетелдік телеарналарда да көрсетілді: жоба Түркия елінде таныстырылып, BBC ақпараттық ресурстарында жарияланды.
    «Аламан құрақ» жобасы GBR (Global Book of Records) әлемдік рекордтар кітабына енгізіліп, барлық қатысушылардың есімдері алтын әріппен тарихқа жазылды. Жоба әлемдік рекордтар аясында таңдалған үш үздік мега жобаның бірі болып танылды.

    Сонымен қатар, бұл – тарихта әлемдік рекордтар кітабының алғаш рет қазақ тілінде жарық көруі. Бұл ұлттық құндылықтарымыздың халықаралық деңгейде мойындалғанының жарқын дәлелі.

    Жоба «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен үндесіп, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

    Ұлттық өнерді ұлықтаған осындай жобалар ел бірлігін нығайтып, рухани құндылықтарымызды дәріптей береді.

    #Адал_азамат_Абай_облысы
    #АбайОблысыБілімБасқармасы
    #АламанҚұрақ #ӘлемдікРекорд #ҰлттықҚұндылық #АбайОблысы #ҚұрақӨнері #GBR


     
 
 
 



Галерея







Видеогалереясы