Меню KDT

Басты бет

poster

⚡2026 жылғы 15 қаңтар күні Моңғолия мемлекеті, Баян-Өлгей қаласында Моңғол мемлекеттік білім университетінің Баян-Өлгей аймақтық филиалының басшылығымен «Алтай тау белдеуіне орналасқан халықтардың жағрапиясы, мәдениеті, әдебиеті, тілі, экономикасы, экологиясы, тарихы» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Конфенцияға әлемнің
11 мемлекетінен, Жапония, Түркия, Ресей, Америка, Венгрия, Бельгия, Монголия, Қырғызстан, Қазақстан т.б. ғалымдары қатысып, ғылым, білім, тарих, тіл, мәдениет, экология, экономика және Алтай тау өңірінің тұрақты дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Аталған конференцияға Абай облысы, Үржар ауданының екі педагогі қатысып, халықаралық дәрежедегі сертификат иесі атанды.
Абай облысы Үржар ауданы «Көлденең орта мектеп-бақшасы» КММ мектеп директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраимова Сағыныш Ибраимқызы «Алтай халқының «Мадай-қара» эпосы мен қазақ эпостары арасындағы мифопоэтикалық параллелдер» тақырыбында, Үржар ауданы «Көкөзек орта мектеп-бақшасы» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Кәпұлы Тәттімбет «Алтай тауын мекендеген халықтардың құсбегілігі және атбегілігі» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Халықаралық ғылыми алаңда пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және жаңа ғылыми байланыстар орнату Абай облысы педагогтері үшін үлкен мәртебе болды.
Құттықтаймыз!

Галерея

Видеогалереясы