
Педагогикалық шеберлік: жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің өңірлік олимпиадасы Абай облысында физика, химия, биология пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, есеп шығару шеберлігін және теориялық білімін бағалау мақсатында пәндік олимпиада өтті.
Педагогикалық шеберлік: жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің өңірлік олимпиадасы
Абай облысында физика, химия, биология пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, есеп шығару шеберлігін және теориялық білімін бағалау мақсатында пәндік олимпиада өтті.
Шағын жинақты мектеп педагогтерінің пәндік білімін бағалауға және шығармашылық әлеуетін айқындауға бағытталған олимпиада сұрақтары - логикалық есептер мен мектеп бағдарламасының күрделі бөлімдерін қамтыды.
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының директоры Айнұр Серғалиқызы: «Бұл олимпиада - мұғалімнің өз-өзіне есеп беруі және кәсіби деңгейін бағамдауы. Білім саласындағы бәсекеге қабілеттілік ең алдымен ұстаздың біліктілігінен басталады. Білімді оқушыны тәрбиелеу үшін мұғалім үздіксіз ізденісте болуы тиіс», - деп атап өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша келесі педагогтер үздік деп танылды:
физика пәнінен
І орын – Жексенаева Гульзира Талгатовна, Малая Владимировка орта мектебі, Бесқарағай ауданы;
ІІ орын – Жуманбаева Мадина Максутовна, Шәкерім атындағы орта мектебі, Абай ауданы; Оразканова Мәдина, Қ. Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы, Үржар ауданы;
ІІІ орын – Каратаева Жанар Асановна, Әуезов атындағы орта мектебі, Үржар ауданы; Камабаева Жулдыз, Сасан би атындағы орта мектебі, Ақсуат ауданы; Жексенаев Мейрамгали Кенеспекович, Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектебі, Бесқарағай ауданы; химия пәнінен
І орын – Оразбеков Айбек Тұрғанбайұлы, Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі, Абай ауданы;
ІІ орын – Ожанова Жанар Ахметбековна, Тана мырза орта мектебі, Ақсуат ауданы; Қабылтаева Қарақат, Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі, Жаңасемей ауданы;
ІІІ орын – Социалова Дилназ Саматқызы, Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі, Жаңасемей ауданы; Мусталдинова Сауле Кошеровна, Шәріптоғай негізгі мектебі, Көкпекті ауданы; Кабдолданова Айнур Турсынбековна, Мыңбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі, Аягөз ауданы;
биология пәнінен
І орын – Боктрова Умутжан Нурлановна, Семияр орта мектебі, Бесқарағай ауданы;
ІІ орын – Сарипова Жанна Касымжановна, Камышенка орта мектебі, Бородулиха ауданы; Мустафина Сауле Масалимовна, Сасан би атындағы орта мектебі, Ақсуат ауданы;
ІІІ орын – Шеригбай Алқа, Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі, Жаңасемей ауданы; Абылғазы Аяжан Сәбитқызы, Әуезов атындағы орта мектебі, Үржар ауданы; Окасов Бекболат Серикказинович, Бөдене орта мектебі, Бесқарағай ауданы.
Құттықтаймыз! Абай облысының педагогтері осы жолда биік межені бағындыра берері сөзсіз.


