Меню KDT

Басты бет

poster

Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған бұл тағылымды шара Наурызнама онкүндігі аясында Абай облысында мазмұнды түрде өтті.

Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған бұл тағылымды шара Наурызнама онкүндігі аясында Абай облысында мазмұнды түрде өтті. Облыс әкімі Берік Уәлиұлы қатысқан мерекеде негізгі мақсат – ағартушы мұрасын заманауи форматта насихаттау, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және жас ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Қонақтарға қазақтың «Қырқынан шығару» дәстүрі кеңінен таныстырылып, оның тәрбиелік мәні көрсетілді. Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектері цифрлық технологиялар арқылы ұсынылып, виртуалды көрме, кітаптар және балаларға арналған материалдар ұйымдастырылды.

Шара барысында білім берудегі инновациялық жобалар, соның ішінде «TOP IQ-mobil box» оқу станциялары таныстырылды. Соңында танымдық викторина өткізіліп, қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл іс-шара – ағартушы мұрасын қазіргі білім беру үдерісімен ұштастырудың жарқын үлгісі. Ұлыс оң болып, әр шаңыраққа береке дарысын!



Галерея







Видеогалереясы