Меню KDT

Басты бет

poster

Абай облысында педагогтердің зерттеу тәжірибесіне арналған облыстық конференция өтті

2026 жылғы 27 наурызда Абай облысында «Іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) және сабақты зерттеу (Lesson Study): білім беру ұйымдарында жүзеге асыру тәжірибесі» тақырыбында облыстық конференция сәтті өтті.

Аталған іс-шара педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына мектеп педагогтері қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бағдарлама аясында пленарлық отырыс өткізіліп, онда білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен зерттеу жұмыстарының маңыздылығы талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар үшін шеберлік сыныптары, Lesson Study және Action Research бағыттары бойынша тәжірибелік сессиялар, постерлік таныстырылымдар ұйымдастырылды. Педагогтер нақты кейстер негізінде өз жұмыстарын ұсынып, тиімді әдіс-тәсілдермен алмасты.

Халықаралық тәжірибе де назардан тыс қалмады. Конференция барысында Zoom арқылы Малайзия сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру жүйесіндегі заманауи үрдістер туралы құнды ақпарат ұсынды.

Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, білім беру ұйымдарында зерттеу �

Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, білім беру ұйымдарында зерттеу мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Галерея

Видеогалереясы