Меню KDT

Басты бет

poster

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту, педагогтерге заманауи оқыту технологияларын меңгерту, тәжірибе алмасу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Үш деңгейлік әдісті оқытуда қосымша білім беру мекемелеріндегі білімалушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында спикерлер тарапынан үш деңгейлік оқыту әдісін қолдану арқылы оқушылардың қабілетін саралап дамыту, шығармашылық, орындаушылық және теориялық дағдыларды қатар қалыптастыру, білім алушылардың қызығушылығын арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу сынды бағытты жұмыстардың мазмұны тереңірек қарастырылды.
Сонымен қатар семинар қатысушылары музыкалық аспаптар арқылы шығармашылық қабілетті дамытудың тиімді жолдарын және эмоционалдық интеллект пен шығармашылық ойлауды қалыптастыру, инновациялық технологиялар мен цифрлық құралдарды пайдалануды үйренді.



Галерея







Видеогалереясы