КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТҰРҒЫСЫНДА БАС ҚОСТЫ

Көркем еңбек пәні мұғалімдердің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру, оқыту процесінде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерту, педагогтердің шығармашылық ізденісін қолдау және ынталандыру мақсатында «Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық ізденісі» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Семинар модераторы көркем еңбек пәні мұғалімдері қауымдастығының төрайымы А.К. Ахметбаева семинардың жоспарымен таныстырды. Жұмыс барысында «Жылулықпен өрілген жәдігер» тақырыбында Э. Ахметжанова Бородулиха ауданы «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, «Қалдық материалдардан пайдалы бұйымдар» Б. Башахов Ақсуат ауданы «Өкпеті орта мектебі» КММ, «Интерьерге арналған «Панно» тақырыбында Г. Жумакова Аягөз ауданы «№4 ЖОББМ» КММ, «Өнер және жасанды интеллект: көркем еңбек сабақтарындағы интерактивті әдістер» Е. Баянов Бородулиха ауданы «Жезкент кентінің мектеп лицейі» КММ, «5-сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарында сызықтық және ауа перспективасын оқыту» Л. Акашева Семей қаласы «№18 ЖОББМ» өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ тыңдаушылармен бірге көркем еңбек сабағында инновациялық технологияларды қолдану, дизайн, сәндік-қолданбалы өнер және модельдеу бағыттары, ұлттық қолөнер элементтерін сабақта тиімді пайдалану, шеберлік сыныптар мен ашық сабақтар арқылы тәжірибе алмасу сынды бағытты жұмыстар талқыланды.