МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫ МЕН ПЕДАГОГТЕРГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫ МЕН ПЕДАГОГТЕРГЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру, оқуға құштар ұлтты қалыптастыру мақсатында Arman-PV баспасы өкілдерінің қатысуымен мектеп кітапханашыларына, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіліп, интеллектуалдық кездесу өтті.
Кездесу барысында баспаның білім беру саласына арналған заманауи оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері мен қосымша әдебиеттері кеңінен таныстырылды. Қатысушылар жаңа буын оқулықтарының мазмұны, құрылымы және білім беру процесіндегі рөлімен танысты. Сонымен қатар, іс-шара аясында педагогтерге, кітапханашыларға жасанды интеллектіні оқу үдерісіне кіріктіру бойынша арнайы танымдық сабақ ұйымдастырылды. Педагогтер жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін практикалық тұрғыдан қолданып, жұмыстар жасады.
Кездесуге 100-ден астам білім саласының мамандары қатысып, тәжірибе алмасу мен кәсіби диалог алаңы қалыптасты.