
2026 жылғы 27 наурыз күні «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ мен «Шәкәрім университеті» КеАҚ бірлесіп университеттің «Қазақ Білім академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, КСРО ағарту ісінің үздігі, филология ғылымының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлының туғанына 85 жыл толуына арналған «Шәкәрім білім гранты» жүлдесі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық олимпиада аясында «Филологиялық білім: дәстүр және жаңашылдық» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді
2026 жылғы 27 наурыз күні «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ мен «Шәкәрім университеті» КеАҚ бірлесіп университеттің «Қазақ Білім академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, КСРО ағарту ісінің үздігі, филология ғылымының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлының туғанына 85 жыл толуына арналған «Шәкәрім білім гранты» жүлдесі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық олимпиада аясында «Филологиялық білім: дәстүр және жаңашылдық» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Семинарда Д.Е. Кайрашова (Семей қаласы №50 ЖОББ ІТ МЛ) мен К.Ж. Шаяхметова (Семей қаласы №17 ЖОББМ) «Дарынды оқушыларды дайындаудың әдістемелік жаңашылдықтары мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» тақырыбында, С.С. Калиева (Семей қаласы Ы. Алтынсарин ат.№37 гимназиясы) мен Г.М. Агыбаева (Семей қаласы Ы. Алтынсарин ат.№37 гимназиясы) «Әдебиет теориясы: түсіну, талдау, шығармашылық» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Республиканың әр облысынан жиналған ұстаздар қауымы тәжірибе алмасып, сұрақтар қойып, жарыссөзге шығып, әдістемелік қоржындарын толтырып қайтты.


