
«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ағымдағы жылдың 30 наурыз күні «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен» бірлесіп «Абай Құнанбайұлының рухани қазынасы және мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ағымдағы жылдың 30 наурыз күні «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен» бірлесіп «Абай Құнанбайұлының рухани қазынасы және мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинардың бірінші бөлімі абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ғалым, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері Қ. Мұхамедхановтың (Қ.Мұхамедханұлының туғанына 110 жыл толуына орай) рухани және ғылыми мұрасына арналды. Аталған тақырыпта Шәкәрім университеті «Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталығының басшысы, фил. ғ. канд А.Т. Смағұлова құнды ғылыми баяндамасымен бөлісті.Семинардың екінші бөлімі әдістемелік бағытта өрбіді. И.Д. Аширимбетова (Абай ауданы «Ш.Әбенов ат.ЖОББМ» КММ), А.Ж. Сагибаева (Абай ауданы «М.Әуезов ат. ОМ» КММ), Л.Д. Келенова (Жарма ауданы «Ш. Уәлиханов ат.НМ»КММ), А.С. Рахимова (Үржар ауданы «МЖИБ М. Хасенов ат. Бестерек ОМБ» КММ), Р.У.Уалиева (Аягөз ауданы «№7 ЖОББМ» КММ), М.Д. Шарипова(Аягөз ауданы «№7 ЖОББМ» КММ), А.М. Анкебаева (Аягөз ауданы «Қалалық қазақ МЛ» КММ), Д.Ш.Турдугулова(«А.Ибраев атындағы ЖОББМ» КММ), Ж.Ж. Аманбаева («Шақаман ЖОББМ» КММ), Н. Шакимардан («Б. Исадилов ат. ЖОББМ» КММ) өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңынан кері байланыс алынып, педагогтер тарапынан ұсыныстар тыңдалып, алғыстарын білдірді. Мақсаты: Абайдың шығармалары мен тәлім-тәрбиелік ойларын оқытуда пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру және оқушылардың «Толық адам» ілімін тереңірек меңгеруін қамтамасыз ету. Негізгі міндеттер: • Абайдың рухани мұрасын оқытудың тиімді жолдарын талқылау және практикалық ұсыныстар әзірлеу. • Оқушылардың А. Құнанбайұлының «Толық адам» ілімін, ұлттық құндылықтарды, адамгершілік идеяларын терең түсінуіне ықпал ету. • «Абайтану» курсының өзектілігін арттыру үшін мұғалімдердің оқыту әдістерін жетілдіру. • Музей мен мектеп арасындағы тарихи-мәдени, ғылыми ынтымақтастықты орнату Семинар аясында келесі тақырыптарда 2026 жылдың 10 сәуір күніне дейін мақалалар қабылданып, семинар материалдарының жинағы шығарылады: • Толық адам» ілімі заманауи білім мен ұлттық тәрбиені қалыптастыратын бағыт-бағдар; • Абай шығармаларының тілдік ерекшелігін оқыту; • Абай шығармалары арқылы ұлттық кодты таныту; • Қайым Мұхамедханұлының рухани және ғылыми мұрасы (Қ.Мұхамедханұлының туғанына 110 жыл толуына орай).


