Абай облысында білім беру саласының ең ауқымды әрі инновациялық жобасы — «Мерейлі ұстаз» облыстық байқауы өз мәресіне жетті!

Бұл байқау тек кәсіби жарыс емес, бұл — мұғалімдердің мәртебесін асқақтатып, заманауи технология мен ұлттық құндылықты ұштастырған бірегей алаң.
✨ Байқаудың басты мақсаты:
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, әдістемелік қолдау көрсету; оқу үдерісіне инновациялық технологияларды, соның ішінде Жасанды Интеллектіні (AI) енгізуді насихаттау.
Ұстаздарымыз екі күрделі кезеңнен өтіп, «Ұстаз шеберханасында» ЖИ құралдарын (ChatGPT, Canva AI, Gamma) пайдалана отырып, виртуалды кабинеттерін таныстырды. Сонымен қатар, Хакім Абайдың «Толық адам» ілімін сабаққа енгізу арқылы ұрпақ тәрбиесіндегі жаңашыл тәсілдерін TEDx форматында қорғап шықты.
🏆 Жеңіс тұғырынан көрінген үздіктерді құттықтаймыз:
🥇 1-орын: Дюсембаева Жанар Асхатовна (Жаңасемей ауданы)
🎁 Сыйлық: Шипажайға жолдама
🥈 2-орын: Нагашбекова Еркежан Кайратовна (Аягөз ауданы)
🥈 2-орын: Еркінов Мақсат Еркінұлы (Ақсуат ауданы)
🎁 Сыйлық: «Алакөл» демалыс орнына сертификат
🥉 3-орын: Қауысқызы Нағима (Семей қаласы)
🥉 3-орын: Кенжебаев Елдербек Хибашевич (Жарма ауданы)
🎁 Сыйлық: 50 000 теңгелік ақшалай сертификат
Байқау жеңімпаздарына ерекше қолдау көрсетіп, құнды сыйлықтар ұсынған «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының» Абай облыстық ұйымына шексіз алғыс білдіреміз! ✨
Технология мен тәрбиені тең ұстаған ұстаздарымыздың еңбегі жана берсін! 💐