
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сай информатика пәні мұғалімдеріне «Цифрлық әлемде оқыту: сандық дағдыларды қалыптастыру және ақпараттық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сай информатика пәні мұғалімдеріне «Цифрлық әлемде оқыту: сандық дағдыларды қалыптастыру және ақпараттық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Информатика пән мұғалімдері қауымдастығының ІІІ отырысы аясында ұйымдастырылған бұл шара білім беру саласындағы цифрлық трансформацияны талқылауға арналды. Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А. Нигматуллина пәндік білімнің тереңдігін теориядан практикалық құзыреттілікке көшірудің маңыздылығына тоқталса, бөлім басшысы Н.Бейсембаева педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жаңа талаптарын түсіндірді. Орта білім берудегі оқыту мазмұны бөлімінің басшысы Т. Алиева педагогтердің білімін бағалауға дайындық жоспары жасалып, тестілеуден жоғары нәтижеге көрсеткен педагогтердің шеберлік-сынып өткізгендін атап өтті. Оларды қолдау мақсатында Call-орталық жұмыс жасайтындығын, жалпы орта білім беретін пәндердің оқу бағдарламалары бойынша ПББ тест тапсырмалары үлгісінде дәстүрлі түрде мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадалардың ұйымдастырылғаны жөнінде айтты. Тәжірибе алмасу блогында М. Нургалиев (Аягөз ауданы білім бөлімінің Т.Есімжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі) заманауи цифрлық ортада оқушылардың білім алу құзыреттілігін дамыту мәселелерін қозғаса, Т. Малышкина (Семей қаласының №6 гимназиясы) цифрлық дәуірдегі «саналы оқу» тұжырымдамасы мен оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау жолдарын ұсынды. Г. Жумагулова (Маканшы ауданы, Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы) цифрлық технологиялар мен STEAM тәсілі арқылы шығармашылық қабілеттерді арттыру тәжірибесімен бөлісті. Г. Садвакасова (Мақаншы ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі) білім берудегі онлайн платформалардың тиімділігіне, Т. Иващенко, Л. Курбатова (Семей қаласының №6 гимназиясының информатика және көркем еңбек пәні мұғалімдері) жасанды интеллект пен өнердің тоғысуы, яғни STEAM технологиясының мүмкіндіктеріне тоқталды. А. Алжасарова (Абай ауданы, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі), цифрлық әлемдегі мұғалімнің жаңа форматы мен оқыту тәсілдері туралы баяндаса, Қ. Дүйсешов (Көкпекті орта мектебінің информатика пәні мұғалімі) ақпараттық технологиялардың қоғамға тигізер әсеріне талдау жасады. Вебинар соңында педагогтер қойған сұрақтарына жауап алды.


