Меню KDT

Басты бет

poster

2026 жылғы 1 сәуірде «Ынтасы төмен оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы саралау және жекелеу тәсілдері» тақырыбында облыстық онлайн-вебинар ұйымдастырылды. Бұл жиынға облыстың бастауыш сынып мұғалімдері мен орталық әдіскерлері қатысты.

2026 жылғы 1 сәуірде «Ынтасы төмен оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы саралау және жекелеу тәсілдері» тақырыбында облыстық онлайн-вебинар ұйымдастырылды. Бұл жиынға облыстың бастауыш сынып мұғалімдері мен орталық әдіскерлері қатысты.
Вебинардың басты мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін саралау және жекелеу тәсілдерін тиімді қолданудың әдістемелік жолдарын көрсету және озық тәжірибе алмасу. Жиын барысында әр баланың жеке әлеуетін ашуға бағытталған орта қалыптастыру және оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды құрастыру дағдыларын жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді.
Шараны облыстық инновациялық-әдістемелік орталық әдіскері Шынар Сайдашовна Дуйсенова ашып, жүргізді. Вебинардың мазмұндық бөлімінде бірнеше өзекті баяндамалар тыңдалды: Жарма ауданындағы «Васильковка негізгі мектебінің» мұғалімі А.К. Букенбаева бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқуын жетілдіру тәсілдерін ортаға салса, Мақаншы ауданы Сейфуллин атындағы орта мектептің ұстазы Б.К. Кулсултанова оқуға құлқы жоқ баланы ойын арқылы танымдық процесске тарту жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар, Абай ауданы Ж. Молдағалиев атындағы орта мектептің мұғалімі П.Б. Турсбекова оқушының танымдық деңгейін анықтаудағы «қызығушылық картасы» мен мотивациялық тестілердің маңызына тоқталды. Үржар ауданындағы «Ер Қабанбай орта мектеп-бақшасынан»
З. М. Киндикбаева мен Л. О. Мухаметжанова «Сәттілік жағдайы» арқылы баланың өзіне деген сенімін оятудың алғашқы қадамдары туралы тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, талқыланған әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.



Галерея







Видеогалереясы