Меню KDT

Басты бет

poster

2026 жылғы 3 сәуірінде «ББЖМ-2026 дайындау және өткізу рәсімдері» тақырыбында облыстық онлайн-вебинар өтті.

2026 жылғы 3 сәуірінде «ББЖМ-2026 дайындау және өткізу рәсімдері» тақырыбында облыстық онлайн-вебинар өтті. Бұл жиынға Абай облысы бойынша мониторингке іріктеліп алынған 78 білім беру ұйымдарының басшылары мен мониторингке жауапты орынбасарлары және қалалық, аудандық білім бөлімінен жауапты мамандар қатысты.
ББЖМ (Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу) өткізу рәсімдеріне арналған вебинардың негізгі мақсаты — мониторингті ұйымдастыруға жауапты тұлғаларға (мектеп директорлары, орынбасарлары, үйлестірушілер) және мұғалімдерге процедураның бірыңғай ережелерін түсіндіру және әдістемелік қолдау көрсету.
Орталықтың білім беру сапасын бағалау және мониторингілеу бөлімі басшысы А.А. Игентаева мониторингті өткізу рәсімдеріне толық тоқталып өтті. Яғни:
• Мониторингті өткізу ережелері мен бұйрықтарындағы соңғы өзгерістерді таныстыру;
• Тестілеудің құқықтық негіздерін және оның білім сапасын бағалаудағы рөлін түсіндіру;
• Тестілеудің компьютерлік форматта өту ерекшеліктерін түсіндіру;
• Кабинеттерді дайындау, бейнебақылау жүйесінің жұмысын тексеру;
• Тестілеу кезіндегі «Академиялық адалдық» қағидаларын сақтау жолдарын түсіндіру:
• Кезекшілер мен аудитория жетекшілерінің міндеттерін нақтылау;
• Тыйым салынған заттар (телефон, шпаргалка т.б.) және олар анықталған жағдайда толтырылатын актілер туралы нұсқаулық беру;
• Тест құрылымымен таныстыру;
• Және оқушыларды мониторингке стрессіз қатысуға дайындау бойынша ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ орталық директорының орынбасары А.Р. Нигматуллина мониторингке техникаларды дайындау жұмыстарына тоқталды.
Вебинар соңында ірі компанияның бірі edoox.com-ның өкілі платформа жұмыстарымен таныстырып, іріктелген білім беру ұйымдарына екі күнге тегін сынама тест өткізуге мүмкіндік беріп отырғанын айтты.
Вебинарға қатысушылардың сауалдарына толық жауап берілді.



Галерея







Видеогалереясы