Меню KDT

Басты бет

poster

«Жасыл балабақша-табиғатты қорғайық!» облыстық онлайн семинар-практикум

«Жасыл балабақша-табиғатты қорғайық!»
облыстық онлайн семинар-практикум

2026 жылдың 03 сәуірде Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Жасыл балабақша» жобасы бойынша «Жасыл балабақша-табиғатты қорғайық!» облыстық онлайн семинар-практикум өткізілді.
Бұл жиынға облыстың білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты: қатысушыларды «Жасыл балабақша» жобасымен таныстыру, қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын табу, сондай-ақ балалардың өлкетануға деген қызығушылығын арттыру. Мектепке дейінгі балалардың экологиялық тәрбие жұмысы бойынша тәжірибелерімен бөлісу.
Шараны облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш бөлімінің басшысы Айжан Жумабековна Жумагулова ашып, Абай облысындағы «Жасыл балабақша» жобасымен таныстырды.
Практикалық мазмұндық бөлімінде Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» МКҚК меңгерушінің м.а. Қарлығаш Оразована Сагандыкова жалғастырып, «Жасанды интеллект қолдануымен Экобалабақша» жобалық тұсаукесерін әдіскер Марья Байзрахмановна Улукпанова өткізді. Балабақша педагогтері практикалық жұмыстарымен бөлісті: «Таза планета» ересек балалармен консультациялық пункт жұмысының тәжірибелік-еңбек қызметін Сагадиева Айгерим Енбековна ересек тобының тәрбиешісі, Эко-қаһармандар «Жасыл алақандар» мектепалды топ балаларымен тәжірибелік-эксперименттік қызметін Кених Виктория Витальевна мектепалды тобының тәрбиешісі, «Туған өлкенің цифрлық гербарийі» мектеп жасына дейінгі ортаңғы топ балаларының цифрлық сауаттылығын Жуманова Гульмира Канатовна ортаңғы тобының тәрбиешісі, «Жасыл тыныштық аралы» Экобақшадағы балалардың эмоционалды әл-ауқатының кеңістігін Сайкова Елена Викторовна ересек тобының тәрбиешісі ойын әрекет арқылы көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, экологиялық әдіс-тәсілдер мен жасылтехнологиялардың практикалық маңыздылығын жоғары бағалады. 

Тәжірибемен бөліскен педагогтер Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ арнайы сертификаттарымен марапатталды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 910 қаулысымен бекітілген «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының» «Жасыл балабақша» бағытымен мектепке дейінгі ұйымдар құру» жөнінде 24-тармағының орындалуы бойынша Абай облысының мектепке дейінгі ұйымдарында «Жасыл балабақша» жобасын іске асыру ұсынылды.

Осы жобаны 2024-2025 оқу жылында 15 балабақша іске асырса, биылғы 2026 жылдың қаңтар айынан бастап 17 балабақша жоба әрекетіне қосылып, жиынында 26 мемлекеттік,7 жекеменшік МДҰ, оның ішінде 4861 тәрбиеленушілері мен 553 педагог қамтылды.
Облыстың 33 мектепке дейінгі ұйымдары жобалық әрекетті жүргізуде.



Галерея







Видеогалереясы