⚡️2026 жылғы 2-3 сәуір күндері Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдарын қарастыру және әдістемелік жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу мақсатында «Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбында ІІІ республикалық форум өтті.

🇰🇿Республикалық форум барысында «Әдіскерлердің жаңа миссиясы: деректер мен қажеттілікке негізделген қолдау» тақырыбында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» орталығының директоры Аманжолов Дулат Аманжолұлы таныстырылым жасап, әдіскерлер қызметіндегі трансформациялық бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар, әдістемелік қызметті ұйымдастырудағы DISTRIBUTED LEADERSHIP деректерге негізделген қызметі, келешек мектеп және жеке меншік білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіру мақсатында тұшымды таныстырылымдар жасалды.
📝Форум қорытындысында қатысушылар әдістемелік қызметті жаңғыртуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеп, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Осындай ауқымды басқосу білім беру саласындағы әдіскерлердің кәсіби әлеуетін арттырып, олардың жаңа форматта жұмыс істеуіне серпін беретіні сөзсіз.