Меню KDT

Басты бет

poster

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара ынтымастығын нығайту, әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында және 📝2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес вебинар өткізілді. Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Г. Ахметова әдістемелік кабинет әдіскерлеріне барлық бағыттар бойынша көмек көрсетіліп келе жатқандығын, әлі де алда осы бағытта жұмыс жүйелі түрде жалғасатындығын атап өтті.

📚Мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш бөлімінің басшысы А.Жумагулова Абай облысы бойынша мектепке дейінгі білім саласының жұмыстарымен таныстырды. Атап айтсақ, «Жасыл балабақша» және «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасын іске асыруда Абай облысының мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің нәтижелі жетістіктері мен әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын ашып көрсетті. Педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсібиліктерін жетілдіруге бағытталған жұмыстарын атап өтті.
Тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А. Абдухамитов «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен әлеуметтік жобаларды кіріктіру жолдарын таныстырды. Бұл жұмыстар білім алушылар, ата-аналар және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Атап айтқанда, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарын оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу тетіктері түсіндіріліп, тәрбие жұмысын жүйелеу шеңберінде облыстық жобаларды жүзеге асырудың нақты алгоритмдері ұсынылды. Сонымен қатар, тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Көрсетілген әдістемелік қолдау әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етіп, тәрбие жұмысының сапасын жақсартуға және білім беру ұйымдарында тиімді тәрбиелік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.
«ББЖМ- 2025 нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар жоспарымен» орта білім берудегі оқыту мазмұны бөлімінің басшысы Т. Алиева таныстырды. Жоспарда теорияға қарағанда практикалық семинарлар мен модельдеуге көп көңіл бөлінген, сонымен қатар әрбір шараның соңында білім алушының қандай нақты дағдыны меңгеретіні нақты көрсетілген.
Вебинар соңында әдіскерлер ұсыныстарын айтып, кері байланыс жүргізілді.

Галерея

Видеогалереясы