⚡️2026 жылғы 7 сәуірде «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу, әртүрлі кәсіп түрлеріне баулу арқылы олардың еңбекке деген қызығушылығын қалыптастыру, қарапайым еңбек дағдыларын дамыту және болашақ мамандық таңдауға алғашқы негізін қалау мақсатында облыстық онлайн семинар-практикум өткізілді.

Бұл жиынға облыстың білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.
Шараны облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш бөлімінің басшысы Айжан Жумабековна Жумагулова ашып, Абай облысындағы «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасымен таныстырды.
📝Практикалық мазмұндық бөлімінде Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің № 12 «Ажар» балабақшасы» КМҚК меңгерушісі
Гульмира Халелевна Адылгазинова жалғастырып, «Пилоттық жоба бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі - жобаның әдістемелік жүйесі» әдіскер Аккайша Айтыеновна, «Балабақшада еңбекке баулу-болашаққа бастар жол» тақырыбында балабақша әдіскері Тыныбаева Айгерим Баряковна ақпараттандырды.
👩🏫Балабақша педагогтері Слямбекова К.З., Сулейменова А.С., Жолбарисова С.Ш., Жусупова Р.М., Кабенова К.Т., Аубакирова Б.К., Кудайбергенова Г.С., Нуржанова А.Е., Ізбасарова А.Е. практикалық жұмыстарымен бөлісті: «Дәмді тәттілер әлемі», «Әжемнің дәмді майы», «Мен зергер болсам», «Табиғат және мен» пилоттық аспаздық, зергерлік, қолөнер, бау-бақша алаңы сияқты жоба бағыттары бойынша ата-аналар мен балалардың әрекеттерін көрсете білді.
🌿Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, еңбекке және кәсіпке баулудың әдіс-тәсілдері мен семинардың практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.
📍Тәжірибемен бөліскен педагогтер Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ арнайы сертификаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 15 тамыздағы мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясы қорытындысы бойынша берген хаттамалық тапсырмасының 1.5-тармағын орындау мақсатында, еңбекқорлық идеясын іске асыруға баса назар аударып, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жандандыру бағытындағы жұмыстар 🇰🇿Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығына сәйкес Абай облысында басталды.
Осы жобаның дайындығы 2025 жылғы қыркүйек айынан басталып, 2026 жылғы қаңтар айынан бастап 5 балабақша жоба әрекетіне қосылып, Қазақстанның 100 пилоттық балабақшалар тізіміне енді.
🧬Жобаға ересек және мектепалды топтардың 260 астам тәрбиеленушісі,
40 педагог 3 мемлекеттік, 2 жекеменшік МДҰ қамтылды.
Облыстың барлық мектепке дейінгі ұйымы жобаға қызығушылық танытып, педагогтер пилоттың негізгі бағыттарын өз іс-әрекеттерінде жүзеге асыруда.