Меню KDT

Басты бет

poster

2026 жылғы 8 сәуір күні Абай облысы ББ «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК базасында көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының бағдарламасына енген көшпелі түркі халықтарының ұлттық ойыны-мас — рестлинг бойынша семинар өтті.

2026 жылғы 8 сәуір күні Абай облысы ББ «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК базасында көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының бағдарламасына енген көшпелі түркі халықтарының ұлттық ойыны-мас — рестлинг бойынша семинар өтті.
👩‍🏫Семинардың ашылуында: Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» Бас директорының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Дрейт Наталья Александровна, облыстық инновациялық-әдістемелік орталық директоры Исабаева Айнұр Серғалиқызы, Геологиялық барлау колледжінің директоры Минаева Назигуль Тлеуғазықызы және Қазақстандағы мас-рестлинг қозғалысының жетекшісі, AGT Global компаниясының бас директоры, студенттік командалар мен Қазақстандағы таяқ-тарту Федерациясының балалар арасындағы AGT&KMWF бірінші халықаралық турнирінің бастамашысы Абдрахманова Гүлнара Тимурқызы құттықтау сөз сөйледі.
Семинарға студенттер, оқытушылар және спорт мамандарын қосқанда
130 жуық адам қатысты. Семинар-практикумда Қазақстанда мас-рестлингті дамытуға және осы бірегей спорт түрінің тарихына ерекше назар аударылды.
Колледж оқытушылары Камзин Қуаныш Нұрлыбекұлы мен Рүстемов Руслан Зейноллаұлының презентациялық көрсетілімдері семинардың практикалық және әдістемелік бөлігіне назар аудартып, іс-шараның негізгі маңызын ашты. Баяндамашылар мас-рестлингке спортшыларды даярлау мен жаттығуды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ колледждің осы спорт түріндегі алғашқы жетістіктері туралы айтты. Геологиялық барлау колледжі командасының Астанада өткен 1-халықаралық мас-рестлинг турниріне қатысуына ерекше назар аударылды, онда колледж студенттері екі қола медаль иеленсе, оқытушылар жоғары кәсібилік пен объективтілікті көрсете отырып, төрешілік еткендерін атап өтті. Оларға халықаралық турнирлерде төрешілік етуге құқық беретін лицензиялы сертификаттар табыс етілді.
Семинардың тәжірибелік бөлігі: төрешілердің жұмысы; техникалық іс-қимылдарды игеру; алаңда спортшыларды көрсету және тәжірибеден өткізумен жалғасты. Семинардың маңызы туралы пікірлер дөңгелек үстелде ортаға салынып, семинар қорытындысы талқыланды, тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға мас-рестлинг спорт түріндегі білімдері мен дағдыларын растайтын сертификаттар берілді.
Бұл іс-шара Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытудың маңыздылығын және студенттер мен оқытушылар арасында Геологиялық барлау колледжі мас-рестлингті (таяқ тарту) насихаттауға облыс көлемінде алғашқы іс-шара ұйымдастырушы оқу орны екенін тағы да бір дәлелдеді.



Галерея







Видеогалереясы