Меню KDT

Басты бет

poster

2026 жылғы 8 сәуірде облыс деңгейінде «PIRLS – 2026 (негізгі кезеңі) және TIMSS – 2027 (апробациялық кезеңі) халықаралық салыстырмалы зерттеулерін өткізу рәсімдері» тақырыбында ауқымды онлайн-вебинар ұйымдастырылды. Жиынға мониторингке іріктеліп алынған 7 білім беру ұйымының басшылары, жауапты орынбасарлары және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары қатысып, алдағы маңызды науқанның талаптарын талқылады.

Халықаралық зерттеу – сапалы білім кепілі
Вебинар барысында әлемдік деңгейдегі екі ірі зерттеулердің мәні түсіндірілді:

📚• PIRLS – 4-сынып оқушыларының мәтінді түсіну және оқу сауаттылығын бағалайтын мониторингтік зерттеу.
• TIMSS – бастауыш және негізгі мектептегі жаратылыстану-математикалық дайындықтың сапасын саралайтын ең ауқымды халықаралық зерттеудің бірі.
Өткізу рәсімдері мен жаңа талаптар
Орталықтың бөлім басшысы А.А. Игентаева зерттеудің өткізілу тәртібіне толық тоқталып, қатысушыларға нақты нұсқаулықтар берді. Негізгі басымдықтар қатарында:
• Сандық формат: Зерттеудің компьютерлік форматта өту ерекшеліктері түсіндірілді.
• Академиялық адалдық: Тест барысында кезекшілер мен аудитория жетекшілерінің міндеттері нақтыланып, тыйым салынған заттар (телефон, смарт-сағат, калькулятор т.б.) анықталған жағдайда қолданылатын шаралар ескертілді.
• Психологиялық дайындық: Оқушылардың стрессіз қатысуына жағдай жасау бойынша маңызды ұсыныстар айтылды.
🧬Техникалық жарақтандыру
Білім беру сапасын бағалау және мониторингілеу бөлімінің әдіскері А.Б. Досанова техникалық базаның дайындығы мен мектеп ішіндегі компьютерлік желілердің жұмысына қатысты мәселелерді қозғады. Кабинеттерді дайындау ережелері мен техникалық регламенттер жан-жақты талқыланды.
📝Вебинар соңында мамандар қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, халықаралық зерттеулерді жоғары деңгейде өткізу бойынша ұсыныстар берілді.

Галерея

Видеогалереясы