Меню KDT

Басты бет

poster

Akelius жобасы аясында педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Нигматуллина А.Р. Астана қаласының мектептеріне іссапармен барды.

Akelius жобасы аясында педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Нигматуллина А.Р. Астана қаласының мектептеріне іссапармен барды.
Сапар барысында ол тілдерді оқытуда Akelius цифрлық платформасын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған республикалық семинарға қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – заманауи цифрлық құралдар арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын (оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым) дамыту болды.
Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды: қала мектептеріндегі ағылшын және орыс тілі сабақтарына қатысып, талдау жүргізілді. Қатысушылар аралас оқыту әдістерімен танысып, мұғалімдердің нақты сабақтарын бақылап, сондай-ақ өткізілген сабақтар бойынша талқылау мен рефлексияға қатысты.
Семинар аясында дөңгелек үстел өткізіліп, онда Akelius жобасы шеңберінде мектептердің жұмысын ұйымдастыру және тәлімгерлік мәселелері талқыланды.
Осындай кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына, озық тәжірибемен алмасуына және заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізуге ықпал етеді.



Галерея







Видеогалереясы