ЭТНОДИЗАЙН: ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ КИІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ТҰРҒЫСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

«Адал азамат» бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында жас ұрпақ арасында қазақ халқының ұлттық киімдерін насихаттау, олардың тарихи және эстетикалық құндылығын таныту, сондай-ақ дәстүрлі үлгілерді заманауи сән үрдістерімен үйлестіру, білім алушылардың шығармашылық ізденістерін қолдау және этнодизайн бағытын дамыту мақсатында «Қазақтың ұлттық киімдері: заманауи дизайн» облыстық байқауы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушы педагогтер мен білім алушылар ұлттық киімдердің заманауи үлгілерін әзірледі, авторлық дизайн топтамаларын ұсынды, ою-өрнек пен ұлттық элементтерді жаңаша интерпретациялады. Ұсынылған жұмыстарда дәстүрлі камзол, шапан, сәукеле сияқты киім үлгілері қазіргі сән талаптарына сай жаңғыртылып, ерекше стильде көрсетілді. Сахналық дефиле арқылы өз жұмыстарын таныстырып, қатысушылардың өнері де ұсынылды.
Дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған маңызды алаң болған шығармашылық байқау қорытындысында қатысушылар тек әдістемелік қолдау ғана емес, қазақтың ұлттық киімдерін заманауи тұрғыда дамытуға жаңа серпін алып, жүйелі жұмыс жүргізу барысында білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттері дамытып және ұлттық мәдениетті жаңғыртуға бағытталған маңызды мәдени-білім беру іс-шарасының куәсі болғандарын түсінді.
Байқау – ұлтымыздың бай мәдени мұрасын сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейде дамытуға мүмкіндік берді.