Меню KDT

Басты бет

poster

«Мен зерттеушімін» республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Мен зерттеушімін» республикалық байқауының облыстық кезеңі

Мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілердің зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту және зерттеу қабілеттерін дамыту арқылы мектеп жасына дейінгі баланың жеке тұлғасының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында, «Мен зерттеушімін» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға 10 ауданнан 16 өтінім түсіп, бейнематериалдары бағаланды.
Облыстық байқаудың қазылар алқасының шешіміне сәйкес келесі жүлделі орындар мен номинация иегерлері белгіленді:
I орын – Оразаева А.С., Касымжанова А.Ж., Аягөз ауданы білім бөлімінің «Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешілері;
- Ешенова Г.М., Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Николай Островский атындағы орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;
II орын – Сердюк Е.А., Үржар ауданы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;
-Түсіпбекова А.А., Семей қаласының «Детский сад «Өрлеу» ЖШС тәрбиешісі;
III орын – Закенова Н.М., Ақсуат ауданы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ «Бүлдіршін» ш/о тәрбиешісі;
- Мұқаметқалиева Г.З. Аягөз ауданы білім бөлімінің «Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК мұғалім-логопед;
- Алехина В.Н., Жарма ауданы білім бөлімінің «Бақыршық орта мектебі» мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;
- Калиева Л.М., Семей қаласы білім бөлімінің «№8 «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі;
- Бермугамбетова А.Т., Жарма ауданы білім бөлімінің «Георгиевка орта мектебі» КММ тәрбиешісі.

Номинация иегерлері:
- «Тапқыр зерттеуші» - Иргизбаева П.К., Жаңасемей ауданы білім бөлімінің «Шүлбі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;
- «Жас эколог» - Смагулова Г.М., Курчатов қаласы білім бөлімінің «№3 орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;
- Хашкынбай А., Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Көкжайық орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;
- «Креативті жұмыс» - Просвирнова Н.Ю., Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Тополёк» балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі;
- «Жаңалық жаршысы» - Тусупова В.К., Курчатов қаласы білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы КМҚК тәрбиешісі;
- «Үздік бірлескен ата-анамен жұмыс» - Курукпаева Ж.Т., Үржар ауданы білім бөлімінің «Балауса» балабақшасы КМҚК тәрбиешісі.
«Мен зерттеушімін» республикалық байқауына I орын иегерлері Оразаева А.С., Касымжанова А.Ж., Аягөз ауданы білім бөлімінің «Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешілері, Ешенова Г.М., Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Николай Островский атындағы орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісінің конкурстық материалдары республикалық кезеңге жіберілді.


Жүлделі орын және номинация иегерлері Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ дипломдары, сертификат, марапаттау қағаздарымен марапатталды.



Галерея







Видеогалереясы