«ШАБЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

«Шабыт» жобасы аясында музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісіне цифрлық технологияларды тиімді енгізу жолдарын көрсету және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы музыка пәнінің маңызын айқындау мақсатында «Музыка пәнін оқытудағы цифрлық технологиялар және шығармашылық қабілетті дамытудағы музыка пәнінің рөлі» тақырыбында семинар өтті.
Білім беру саласындағы заманауи бағыттарды қамтитын маңызды әдістемелік іс-шара барысында Аягөз ауданы «№1 ЖОББМ» КММ музыка пәні мұғалімі Карибаева Гульсим Калкамановна «Оқушылардың музыка сабағындағы шығармашылығын заманауи технологиялар арқылы дамыту», «№4 ЖОББМ» КММ Серикбосынова Акерке Муратбековна «Музыкалық ырғақ арқылы оқушылардың эмоционалдық қабылдау дағдыларын дамыту әдістері», Тургамбаева Гульмира Муратжановна «№7 ЖОББМ» КММ «Музыка сабақтарындағы цифрлық технологиялар: жалпы білім беретін мектеп мұғаліміне арналған жаңа мүмкіндіктер», Тастанбекова Меруерт Токтарбековна «№10 ЖОББМ» КММ «Сахнадағы тоғысқан өнер топтамасы»
тақырыптарында спикерлер тәжірибе бөлісті.
Семинарда тыңдаушылар «Шабыт» жобасы аясындағы мұндай семинарлар педагогтерге жаңа идеялар мен инновациялық тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік беретінін түсінді. Сонымен қатар, қатысушылар музыка пәні арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық әлеуетін ашу мәселелерін сұрақтарын қойып, тілектерін айтып, кеңінен қарастыруға тырысты.
Қорытындылай келе, бұл семинар – музыка пәнін оқытуды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, цифрлық дәуір талаптарына сай білім беруді дамытудың тиімді алаңы болып табылады.