📚2026 жылғы 17 сәуірде «Балабақшада заттық-кеңістік дамытушы ортасын құрудың тиімділігі» облыстық онлайн семинары өткізілді.
Облыстық онлайн семинар
📚2026 жылғы 17 сәуірде «Балабақшада заттық-кеңістік дамытушы ортасын құрудың тиімділігі» облыстық онлайн семинары өткізілді.📝Семинар ұйымдастырушылары Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы және Мақаншы ауданы білім бөлімінің Мақаншы орта мектеп-бақшасы мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиімді заттық-кеңестік дамытушы ортаны құрудың маңыздылығын түсіндіру және педагогерге практикалық ұсыныстар беру, заттық-кеңестік ортаның бала дамуына әсерін түсіндіру, педагогтердің шығармашылық бастамаларын ынталандыру мақсатымен облыстың білім бөлімдері әдіскерлерін, мектепке дейінгі ұйымдардың 100 жуық педагогін Зум платформасына жинады.
🧬Шараны облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш бөлімінің басшысы Айжан Жумабековна Жумагулова ашып, Абай облысындағы балабақшаларда заттық-кеңістік дамытушы орта құрудың маңыздылығы туралы ақпарат берді. Мақаншы ауданының мектепке дейінгі білім саласы туралы ақпаратымен Мақаншы ауданы білім бөлімінің әдіскері Рамазанова Назым Асенгазыевна таныстырды.
📍Практикалық мазмұндық бөлімде Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ жанындағы балабақша әдіскері Есембаева Назгүл Қайырбекқызы балабақша туралы баяндады.
📝Балабақша педагогтері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Жасыл балабақша», «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу», «Балалар кітапханасы» жобалық бағыттары аясында, сондай-ақ Үлгілік оқу бағдарламасының тіл дамыту, математика, көркем әдебиет және дене тәрбиесі бөлімдері бойынша ұйымдастырылған ойын әрекеттерін заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру тәжірибесін көрсетті. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.
Мақаншы ауданы білім бөліміне келесі оқу жылында «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ жанындағы балабақшаны аудандық құзыреттілік орталығы ретінде арнайы бұйрықпен ашу жөнінде ұсыныс берілді.
Іс-тәжірибелерімен бөліскен педагогтер Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының арнайы сертификаттарымен марапатталды.