Меню KDT

Басты бет

Дәстүрлі Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын жаңғырту, ұстаздардың мәртебесін арттыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Мемлекет басшысы жаңа Конституцияда адам капиталы мен білім беру жүйесін дамыту стратегиялық бағыт ретінде бекітілгенін атап өтті.

Дәстүрлі Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын жаңғырту, ұстаздардың мәртебесін арттыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Мемлекет басшысы жаңа Конституцияда адам капиталы мен білім беру жүйесін дамыту стратегиялық бағыт ретінде бекітілгенін атап өтті.

✔️Президент айқындаған негізгі басымдықтар:

🔷Педагогтерді қолдау және аттестаттауды оңтайландыру: Кадр тапшылығын жою және мұғалімдерді артық жүктеме мен қағазбастылықтан босату тапсырылды. Аттестаттаудан өткізу талаптары қайта қаралып, ашық әрі әділ бағалау жүйесі енгізіледі.

🔷Өңірлер арасындағы алшақтықты жою: Төмен көрсеткіш тіркелген аймақтарда (әсіресе ауыл мектептерінде) білім сапасын көтеру, инфрақұрылымды дамыту және шалғай елді мекендерге білікті мамандарды тарту бойынша жедел шаралар қабылданады.

🔷Жасанды интеллект және цифрландыру: Жасанды интеллектіні орта білімге енгізудің ортақ стандарты бекітіледі. Мектептегі технологиялар ермек емес, табыс табу мен іскерлікті меңгеру құралына айналуы тиіс.

🔷Балалардың қауіпсіздігі мен цифрлық гигиена: 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасы ұсынылды. Балаларға арналған міндетті SIM-карталар енгізіліп, фаст-фудтың агрессивті жарнамасына шектеу қою мәселесі зерделенеді.

🔷Білім мазмұны мен жаңа пәндер: Оқулықтардағы қателер жойылып, бағдарламаға «Құқық негіздері», «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп» курстары және экологиялық ағарту стандарттары енгізіледі.

🔷Дарынды оқушыларды қолдау және инфрақұрылым: Ғылыми жоба жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі. Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру үшін Астана, Алматы және өңір орталықтарында Жаратылыстану музейлері мен Президенттік кітапханалар ашылады.

🖇Мемлекет басшысы білім берудегі асығыс реформаларға жол бермей, әрбір өзгерісті жан-жақты саралауды және жастарды өзіне сенімді, еңбекқор әрі отаншыл етіп тәрбиелеуді басты мақсат етіп қойды.



Галерея







Видеогалереясы