2026 жылғы 3 қыркүйекте Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру әдіскерлеріне арналған онлайн вебинар өткізілді.

🎯 Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық хатында айқындалған негізгі бағыттарды түсіндіру, жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру және әдіскерлерге әдістемелік қолдау көрсету.
📚 Вебинар модераторы – Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш бөлімінің басшысы Жумагулова Айжан Жумабековна мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру бағыттары бойынша жаңа оқу жылында басшылыққа алынатын нормативтік және әдістемелік талаптарды айқындады. Сонымен қатар білім беру процесін сапалы ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби қызметін әдістемелік сүйемелдеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жас және жеке ерекшеліктерін ескеру мәселелеріне назар аударды.
👩🏫 Сондай-ақ, бөлім әдіскері Жайсанбаева Жибек Далелхановна оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасымен таныстырды. 💬 Онлайн кездесу барысында әдіскерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа оқу жылындағы әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға қатысты пікір алмасты.
✅ Вебинар қорытындысында 2026–2027 оқу жылында білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетуді жүйелі жалғастыру, әдістемелік-нұсқаулық хатта белгіленген міндеттерді сапалы жүзеге асыру және педагогтермен тәжірибелік бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.